Қарағандыда балконнан секірмек болған әйелді полицейлер құтқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда балконнан секірмек болған әйелді полицейлер құтқарды

01.02.2022

Қарағандылық полицейлер үшінші қабаттағы балконнан секірмекші болған әйелді құтқарды. Оқиға түнгі сағат 12-лер шамасында болған. Жедел басқару орталығынан келіп түскен хабарламадан кейін қаланың сол аумағында патрульдік кезекшілікте жүрген тәртіп сақшылары дереу оқиға орнына жеткен. Инспекторлардың бірі 2-ші қабаттағы пәтердің балконына шығып төменнен әйелді сөзге тартып, уақыт созуға тырысқан. Сол сәтте әріптесі үшінші қабаттағы пәтерге кіріп, секірмек болған әйелді ұстап үлгерген. Кейін азаматша мұндай қадамға не үшін барғанын түсіндіріп беріпті. Ол танысымен бірге жалдамалы пәтерлеріне қонақ шақырған. Ер адам әлдеқандай қызғаныш салдарынан келіншекке қол көтерген.Барлығы ұйықтап қалған кезде өкпелі келіншек өзіне-өзі қол салмақ болған.


Хабарламаларға жазылу