ШҚО-да құтқарушылар балконнан құлағалы тұрған әйелді құтқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да құтқарушылар балконнан құлағалы тұрған әйелді құтқарды

08.06.2021

Өскеменде балконға ілініп қалған әйел құтқарылды. Таңертең болған оқиғаны қала тұрғындары телефонға түсіріп алған.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері жоғарғы қабаттан арқан байлап түсіп, 40 жастағы әйелді құтқарып үлгерген. Ал олардың әріптестері мен полицейлер тап сол сәтте астында кенепті керіп ұстап тұрды. Құтқарылған әйелдің жағдайы жақсы.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу