Атырау облысында карантиндік шаралар қатаңдатылды
Атырау облысында карантин қатаңдатылды. Көпшілік шараларды өткізуге және көшеде және қоғамдық орындарда 3 адамнан артық топтасып тұруға тыйым салынды. Қазір өңірде эпидахуал күрделі. Індет әсіресе қала аумағында дендеп барады. Себебі ковид жұқтырғандардың жартысынан көбі орталықтан анықталды. Өткен тәулікте 168 адам инфекцияға шалдықты. Бүгінде ауруханаларда 300-ден астам науқас емделіп жатыр. 22-сінің жағдайы ауыр. Сақтық шаралары үшін Теңіз мұнай кен орнында да шектеу шаралары ұзартылды. Алайда, кеніште қазір ахуал біртіндеп тұрақталып келеді. Бүгінде вахталық қалашық аумағында орналасқан стационарда бір ғана жұмысшы емделіп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Шетелде білім алып, елге оралу керек»
14.09.2026, 23:14
Ертең үстел теннисінен ҚР Президентінің кубогы басталады
14.09.2026, 20:28
Елена Рыбакина – Әлемнің бірінші ракеткасы
14.09.2026, 20:28
Атырауда садақ атудан Әлем кубогы өтіп жатыр
14.09.2026, 20:25
«Жоғалған есім»: Жаңа отандық телехикая эфирге шығады
14.09.2026, 20:23
Ақтөбе облысында денсаулық сақтау саласындағы үш жобаға 5,7 млрд теңге бөлінді
14.09.2026, 20:18
ШҚО-да Құс фабрикасы өз қаражатына саябақ салып берді
14.09.2026, 20:18
Қазақстан экономикасы бәсекеге қабілетті 40 елдің қатарына енді
14.09.2026, 20:10