Сарапшылар Президенттің сұхбатына қатысты пікір білдірді
Қазір еліміздің жер-жерінде мемлекет басшысының сұхбаты қызу талқыланып жатыр. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев елді алаңдатқан біраз мәселеге анық жауап берді. Соның ішінде қаралы қаңтар оқиғасына байланысты тергеудің әділ жүргізілуін қадағалайтынын, қандай да бір заң бұзушылықтарға жол берілмейтінін жеткізді. Сондай-ақ елдің келешек дамуы мен өсіп өркендеуіне қатысты айқын бағдарлар, жаңа Қазақстанды құруға негіз болатын саяси реформалардың жүзеге асатыны елдің болашақа деген сенімін нығайтты дейді сарапшылар.
Гауһар Сыздықова, ОҚМПУ Қазақтан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі:Әсіресе еліміздегі саяси реформаларға қатты мән беретіні айтылды. Соның ішінде парламент жүйесіне өзгерістер енетіні, «Нұр Отан» партиясының жұмысында үлкен өзгерістер болатынын айтты. Бұл сұхбатта өте салиқалы, сабдарлы саясатшы ретінде Тоқаевты таныдық.
Расул Жұмалы, саясаттанушы:Елдің саясатына, экономикасына қатысты Презиенттің өзінің көзқарасы тұрғысынан меніңше өте тұшымды сұхбат болды. Және Президенттің өзі 100 пайыз болмаса да, көпшілікті толғандырған мәселелердің 90 пайызына жауап берді. Қазіргі жағдайымыз. Жалпы саясатқа көзқарас. Бірінші Президентке қатысты өзінің ойы. Көптеген өзге де өзекті мәселелер олигархтарға да қатысты Мемлекет басшысы ашық жауап берді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kostanay music fest фестивалі өтті
17.08.2026, 13:27
А.Ерекешева әлемдегі үздік 5 спортшының қатарына енді
17.08.2026, 13:24
Трамп Оңтүстік Кореямен бірге өткізетін жаттығуларды қысқартуды бұйырды
17.08.2026, 13:18
Шекара қызметіне жаңа әкімшілік ғимарат салынады
17.08.2026, 13:15
ДСМ: Мектеп оқушысы ұйқы режимін сақтауы керек
17.08.2026, 13:12
Баласын бақыламаған 480-нен аса ата-ана жауапқа тартылды
17.08.2026, 13:09
«Respubliсa» партиясының өкілдері сайлаушыларымен кездесті
17.08.2026, 13:06
Министр сайлау кезінде БАҚ пен блогерлерді заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды
17.08.2026, 13:03