Ұлттық кеңестің отырысына қатысты сарапшылар пікір білдірді

06.09.2019

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында қоғам белсенділері тарапынан айтылған ұсыныстар құжат түрінде жинақталып, бір аптаның ішінде дайындалады. Бұл туралы Президент кеңесшісі Ерлан Қарин баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оның сөзінше, аталмыш құжат кейін жұмыс тобының талқылауына жіберілмек. Ерлан Қарин Ұлттық кеңес мүшелері ұсынған ұсыныстар мен мәселелерді Мемлекет басшысы назарда ұстайтынын айтты.

Ерлан Қарин, ҚР Президентінің кеңесшісі: 

Бұл бірінші ресми отырыс. Ұлттық кеңестің жұмысы әрі қарай жалғасады. Жұмыс тобында бүгін айтылған идеялар, бастамалар тағы да пысықталу керек. Баршаңызды осындай мемлекетіміздің дамуындағы тағы бір маңызды кезең – азаматтық- қоғамдық диалогтың дамуының айқын көрінісі Ұлттық кеңес жұмысының бастауымен құттықтаймын. Бұл еліміздің дамуының дұрыс бағытта келе жатқанын айқын көрінісі.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу