Мәулен Әшімбаев: Ұлттың саяси сана-сезімі түбегейлі өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәулен Әшімбаев: Ұлттың саяси сана-сезімі түбегейлі өзгерді

04.01.2024

Президенттің «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатына қатысты Парламент Сенатының төрағасы пікір білдірді. Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы сұхбатта экономикалық дамудың негізгі басымдықтарын да нақтылап берді дейді. Осыған байланысты Парламент биыл: Бюджет, Салық кодекстерін және басқа да қажетті заңдарды қабылдайтынын жеткізді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

«Мемлекет басшысы айтқандай, Қазақстандағы саяси реформалар жүйелі ғана емес, ешқашан кері қайтпайтын сипатқа ие болды. Себебі ұлттың саяси сана-сезімі түбегейлі өзгерді. Азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен белсенділігі демократиялық жаңғырудың басты кепіліне айналды. Сондықтан кері кетуге халықтың өзі жол бермейді және елге жаңа леп әкелген осы өзгерістерді табандылықпен қорғайтыны анық».

Тәуірбек Бозекенов


Хабарламаларға жазылу