Қасым-Жомар Тоқаев: Екі мерзімнен артық Президент болмаймын
Ата заңды өзгертпейміз. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Президент лауазымына екі реттен артық түспейтінін осылай білдірді. «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында ол мемлекеттің мүддесі бәрінен де жоғары екенін тағы бір мәрте ескертті. Президент өзінің басты миссиясы қандай деген сұраққа да жауап берді.
Қасым-Жомар Тоқаев6 Қазақстан Республикасының Президенті:Менің Президент ретіндегі басты миссиям - бүкіл қоғамды, саяси жүйені және түптеп келгенде ел экономикасын трансформациядан өткізу. Қазақстан Президенті қызметінде қанша болатынымды білмеймін. Бірақ нақты білетінім Конституцияға сәйкес екі мерзімнен артық болмайды. Заңды, оның үстіне Конституцияны өзгертуге болмайды.
Президент судьялардың жұмысына да тоқталды. Сот жүйесіне қатысты қоғамның алаңдаушылығын заңды деп атады. Сондықтан бұл салада қазірдің өзінде реформа басталып кетті. Өзгеріс заң шығарушы органды да айналып өтпейді. Жуық арада еліміздің парламенттік жүйесіне де реформа жүргізілуі мүмкін. Президенттің пікірінше Мәжілісте бірнеше мықты партия болуы керек.
Қасым-Жомар Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:Мен кейбір оқиғаларды алдын ала болжай отырып, еліміздегі парламенттік жүйені және партиялық жүйені реформалау туралы байыпты ойланып жүрмін. Партия съезінде мен барлық әлеуметтік-партиялық және саяси құрылымдардан жоғары тұруым керек дедім. Әртүрлі қоғамдық және саяси күштерді олардың ұстанымы бойынша ортақ белгіге әкелетін магнит ретінде қызмет етуім керек деп есептеймін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қымызмұрындық–2026»: Дәстүрлі шараға 35 мыңға жуық адам қатысты
28.06.2026, 21:03
Аптап ыстық: Күннің қызуы тері обырын тудыруы мүмкін бе?
28.06.2026, 20:05
Психологтарға қойылатын талап қатаңдайды: Жаңа ереже нені өзгертеді?
28.06.2026, 20:04
Педагогикалық мамандыққа түсушілерге талап күшейеді
28.06.2026, 20:02
Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану көлемі 648 млрд теңгеге жеткен
28.06.2026, 19:58
Еуропа Кеңесі Қазақстандағы реформаларды қолдады
28.06.2026, 19:52
Қазақстан мен Еуропалық Одақ: Не береміз, не аламыз?
28.06.2026, 19:50
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
28.06.2026, 12:18