Шымкентте 2,5 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 2,5 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алған

31.01.2022

Шымкент қаласында 2 жарым мыңнан астам отбасы мемлекет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмекті негізсіз алып келген. Олар жалған құжаттар әзірлеп, отбасының табысын жасырған. Сол арқылы күнкөріс деңгейі төмен азаматтар санатына қосылып, оңай олжаға кенелген. Қазір олардың нақты деректері анықталып, мемлекеттен негізсіз алған ақшасы сот арқылы өндірілеуде. Бүгінге дейін олардың төрттен бірі қаржыны мемлекетке қайтарып үлгерді.

Бағдат Арқабаев, Шымкент қаласы халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары:
 Жалпы сомма 50 миллионға жақындады қайтарылатын ақшаның. Әлі де қайтарылып жатыр. Олардың саны көп әлі.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу