Шымкентте жемқор қызметкерлер жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жемқор қызметкерлер жазаланды

18.09.2019

Шымкентте атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз рәсімдеп бермек болған екі адам анықталды. Олар - «Халықты жұмыспен қамту орталығының» қызметкерлері. Абай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің басшысы алты азаматқа "әлеуметтік көмек алып беремін" деп, бұл үшін 375 мың теңге сұраған. Азаматтардың қалтасын қағу мұнымен тиылмаған екен. Дәл осы орталықтың маманы "атаулы әлеуметтік көмекті тездетіп түсіріп беремін" деген уәдемен тұрғындардың бірінен 45 мың теңге алған. Осы жайтқа байланысты екі азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. 

Камал Қабылбеков, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары:

Қылмыстық істер тергеліп, аяқталған Айыптау актісімен сотқа жолданған. Атап кетсек Ибраимов пен Әмреева қатысты қылмыстық істер. Ибраимовқа қатысты соттың үкімі шығып қойды. Татуласуға байланысты іс қысқартылған. 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу