Басты Жаңалықтар «Қазақстан халқына» қоры балаларға көмектеседі

«Қазақстан халқына» қоры балаларға көмектеседі

«Қазақстан халқына» қорында шамамен 50 миллиард теңге бар. Бұл туралы Мемлекет басшысы айтты. «Менің ойымша, анық үндеу жасалды. Бұл салық емес, бұл қайырымдылық, бірақ әрқашан кейбір нәрселерді реттеу керек. Менің білуімше, мемлекет салық салынатын табыстың 3 пайызын белгіледі, бұл шын мәнінде ірі бизнеске қатысты» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің сөзінше, «Қазақстан халқына» қоры балаларға көмектеседі, балалар спортын, соның ішінде ауылдық жерлердегі спортты дамытады. Алматы қаласын қалпына келтіру, мәдениетті көтеру және басқа да мақсаттар қарастырылады. Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ» бағдарламасымен техникалық мамандарды Ресейде оқыту жөнінде де пікір білдірді.

«Ресейде тілдік кедергі жоқ, бұл бір. Екіншіден, біз стратегиялық серіктестер болғандықтан, бірлескен кәсіпорындар, оның ішінде ірі бизнеске қатысты кәсіпорындар бар. Бізге Ресейде оқитын техникалық кадрлар қажет. Бірақ кейбірі Батыста оқығысы келуі мүмкін. Әрине, біз ешқандай кедергі жасамаймыз» деді Президент.

Оның айтуынша батыстағы университеттер диплом шығаратын кеңселерге айналып жатыр. Сол себепті Батыс оқу орнының дипломы жоғары білімнің көрсеткіші емес. Бұл жаңа Қазақстан идеясымен де ұштасады дейді сарапшылар.

Қазыбек Майгелдинов, саясаттанушы:
Президенттің қазіргі таңдағы айтып отырған жаңа Қазақстан идеясы - мемлекетті тұрақтандыру және сақтау. Менің жеке қандай да бір құзіретімнен бөлек, позициямнан гөрі мемлекеттік мүдде бірінші орында деді. Мемлекет басшысы бәрімізге де осы қағидатты ұстануға шақырып отыр.


Бөлісу