Алматыда сот сарапшылары қаңтар оқиғасына қатысты тергеуге қатысып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда сот сарапшылары қаңтар оқиғасына қатысты тергеуге қатысып жатыр

28.01.2022

Алматыда 33 сот сарапшысы қаңтар оқиғасындағы тонау мен тәртіпсіздікті тергеуге қатысып жатыр. Олардың 19-ы Алматыдан, қалғаны басқа өңірлерден келген. Үкіметтің хабарлауынша, сот сарапшылары қағазбастылыққа салынып, жұмыс мерзімін кешіктіріп жатқан жоқ. Жалпы Алматыда құрылыс, тауартану, өрт-техникалық, баллистикалық және экономикалық сараптамалар жүргізіліп жатыр. Премьер-Министрдің тапсырмасымен Әділет министрлігі 68 сот сарапшысынан тұратын қосымша резерв құрған.

31 қаңтардан бастап резервтегі мамандардың бір бөлігі өңірге барады. Сараптама Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында да жүргізіліп жатыр. 


Хабарламаларға жазылу