Алматыда Тынышбай Рахимовты еске алу кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Тынышбай Рахимовты еске алу кеші өтті

26.04.2014
Алматыда Тынышбай Рахимовты еске алу кеші өтті

Қазақстан Жазушылар одағындағы «Тағзым» клубының аясында өткен кезекті кеш ақын, сазгер Тынышбай Рахимовты еске алуға арналды. Оған әлі күнге әр қазақ жатқа айтатын «Алтайдың ар жағынан келген ару» әнінің кейіпкері - Әмина Ергешқызы Қытай елінен арнайы келіп қатысты.

 
Студенттер ақын жырларын жатқа оқыса, қаламгерлер мен Тынышбай Рахимовтың жары әдемі естеліктерімен бөлісті. Лирик ақын - махаббатты, көктемді көп жырлаған. Балаларға арнап та шығармалар жазды.
 
Аударма саласында тәжік әдебиетінің классигі - Әбілқасым Лахути сынды біршама ақын өлеңдерін қазақшаға тәржімалады. Тынышбай Рахимовтың сыншылығы мен поэзиясы өз алдына, сазгерлік қабілеті де ерекше болатын.
 
«Боз орамал», «Күт мені», «Қымбаттым», «Бар ма менің жазығым», «Мөлдірім» деген әндері көпшіліктің сүйікті әндеріне айналған.
 
Әмина Ергешқызы, Шыңжан телеарнасының қызметкері (Қытай):
Бар адамға ән жазыла бермейді. Сол санаулының бірі болып өзіме ән арналғанына қуаныштымын. Ағаға деген құрметім осы әнді тыңдаған сайын арта береді.
 
 
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу