Сенат мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігін жоюды ұсынды
Сенаторлар мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігін жоюды ұсынды. Бұл норма бүгін палатаның жалпы отырысында қаралған «Тұңғыш Президент – Елбасы туралы» Конституциялық Заңда жазылған. Сондай-ақ, депутаттар «Қауіпсіздік Кеңесі туралы» және «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңдарға бұрын ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды талқылады. Түзетулерде Елбасының Қауіпсіздік Кеңесінде және Қазақстан Халқы Ассамблеясында өмір бойы төрағалық ету құқығының күшін жою көзделеді.
Жоғары Палата депутаттары мәжілісмендердің бұрын айтылған барлық өзгерістерін мақұлдады.
Ләззат Сүлеймен, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Сенаторлар заңнамаға енгізіліп отырған мемлекетіміздің Қауіпсіздік Кеңесін, Қазақстан Халқы Ассамблеясын Мемлекет басшысы өзінің қызметіне сәйкес басқаруы тиіс деген өзгерістерді қолдады. Сонымен қатар, заңды талқылау барысында 1 норма енгізіліп отыр. Ол – «Тұңғыш Президент туралы» Заңнан «мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты бастамаларды Елбасымен келісілуге тиіс» деген норма алып тасталып отыр. Сондықтан да Сенат заңнамаға енгізілген өзгерістерді тұжырымдамалы түрде қолдап, бір өзгеріспен Мәжіліске қайтарып отыр.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да соңғы үш жылда 1 млн-ға жуық турист келген
18.12.2025, 20:54
Әлемнің ең мықты бадминтоншылары бақ сынап жатыр
18.12.2025, 20:50
Әлем жаңалықтарына шолу
18.12.2025, 20:15
Отандық арналар Түркияда хабар таратады
18.12.2025, 20:14
Қонаев қаласында дауыл салдарынан бүлінген нысандар қалпына келтірілді
18.12.2025, 20:14
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,9 пайызға өсті
18.12.2025, 20:09
Түркістанда көпір қирап, қатынас үзілген соң оқушылар онлайн оқып жатыр
18.12.2025, 20:09
Автосақтандыру компаниялары төлейтін өтемақы мөлшері екі есе өседі
18.12.2025, 20:08