Қаңтар трагедиясы: Шымкенттік дәрігерлер 120 адамды аман алып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаңтар трагедиясы: Шымкенттік дәрігерлер 120 адамды аман алып қалды

26.01.2022

Қаңтардың басында болған жаппай тәртіпсіздік кезінде шымкенттік дәрігерлер бірінеше күн бойына тынымсыз жұмыс істеді. Әсіресе, орталық алаңға жақын орналасқан №2 аурухананың хирургтері 40-қа жуық азаматтың жарқатын таңып, тәулік бойына 16 адамға операция жасады. Дәрігерлердің сын сағаттағы жылдам әрекеттерінің арқасында бәрі дін аман қалды.

Тәртіпсіздіктер кезінде Серік Жолдасов меңгерушілік ететін хирургия бөлімі екі күн бойына тізе бүкпеді. Алғашқы түннің өзінде жедел жәрдеммен 36 адам әкелінді. Көбінің аяқ-қолы сынған, түрлі жері жарақаттанған, оқ тиген. Оның жартысына шұғыл операция жасауға тура келген. Әдетте мұндай жағдаймен күнінне небәрі бірді-екілі адам ғана келетін.
Серік Жолдасов, Шымкент қаласындағы №2 аурухана хирургия бөлімінің меңгерушісі:
Операция жасайтын жерден шыққан жоқпыз. Кешкі сағат 10 жарымда кіргеннен күндізгі сағат 11-ден аса әрең біттік. 16 операция жасадық. . Бәрін аман-есен алып қалдық. Ерлік деп осыны ойлаймын.
Шымкентегі медициналық мекемелер мен қан орталығы бұл күндері күшейтілген режимде жұмыс істеді. Жаппай тәртіпсіздік болған екі күннің ішінде 120-ға жуық азамат жарақат алып, ауруханаларға жеткізілген. Олардың жартысынан астамы әскерилер мен құқық қорғау орындарының қызметкерлері.

Тәртіпсіздік кезінде медицина қызметкерлерінің өзі де соққыға жығылды. Қарсы шыққан топ 7 жедел жәрдем көлігін зақымдап, екі медицина қызметкерін жаралы еткен.

Дәрігерлердің арқасында жарақат алғандардың барлығы дерлік дін аман үйлеріне оралды. Қазір тек соңғы бір науқас ғана ауруханада. Оның өзі де енді бірер күнде алған жарақатынан жазылып шықпақ.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу