Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – ҚХР» саммитіне қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – ҚХР» саммитіне қатысты

25.01.2022

Қазақстан инвесторлар үшін барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған жаңа инвестициялық саясат әзірлеп жатыр. Бұл туралы «Орталық Азия – ҚХР» саммитінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Орталық Азия елдерімен арадағы тауар айналымы бір жылда 40 пайызға артқан. Сауда-экономикалық әріптестік нығая түспек. Онлайн саммитте бірқатар өңірлік проблемалар талқыланды.

Жиынға 6 елдің басшылары қатысты. Олар Қазақстаннан бөлек, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Тәжікстан. Жалпы, Қытаймен арадағы өзара тауар айналым жаңа рекордтық деңгейге жеткен. Өткен жылдың 11 айында көрсеткіш 17 млрд долларды құрады. Орталық Азия мемлекеттеріне жасалған 40 млрд доллар қытай инвестициясының жартысы Қазақстанға тиесілі.  

Хабарламаларға жазылу