Президент Ресей және Қытай елшілерін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Ресей және Қытай елшілерін қабылдады

14.03.2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей және Қытай елшілерін қабылдады, деп хабарлайды Ақорда сайты. Ресей Федерациясының елшісі Алексей Бородавкинмен әңгімелесу барысында Президент Владимир Путиннің Қазақстанға алдағы сапарының, сондай-ақ биыл күзде Қостанайда өтетін XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен кездесуде биыл мамыр айында Сиань қаласында өтетін «Орталық Азия + Қытай» саммитінің және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға жоспарланған мемлекеттік сапарының өзектілігі сөз болды.

Хабарламаларға жазылу