Президент «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне қатысты

14.01.2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модидің шақыруымен «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне қатысты. Жиын «Бір дауыс, бір мақсат» ұранымен өтті. Оған Азия, Африка және Латын Америкасындағы бірқатар елдің басшылары қатысты. Президент Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін елдерді күш біріктіруге шақырды. Климаттың өзгеруіне қатысты мәселеге де тоқталды. Соңғы бірнеше жылда Орталық Азия елдерінде қуаңшылық болды. Климаттың өзгеруі халықаралық ынтымақтты нығайта түсуді қажет етеді, деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев жер-жиһандағы азық-түлік тапшылығымен күресте Қазақстан өзінің ауыл шаруашылығы әлеуетін одан әрі пайдалануға ниетті екенін де мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Азық-түлік пен тыңайтқыштардың халықаралық саудасына санкция салынбауы және басқа да шектеулер қойылмауы керек. Тағы бір мәселе - пандемия қаупі мен биологиялық қатерді азайтуға бағытталған жаңа бірлескен шаралар қабылдау өте өзекті. Биологиялық қауіпсіздік жөнінде халықаралық агенттік құру туралы бастамамды тағы да еске салғым келеді. Қазақстан серіктестермен инклюзивті, көпжақты негізде және ізгі ниет рухында ынтымақтастықты нығайтуға дайын.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу