Футзал: Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатында топтық бәсекеде көш бастады
Біздің спортшылар Финляндияны жеңді. Қарсыластың қақпасына 6 бірдей гол соғып, ірі есеппен ойсырата ұтты. Алғашқы тайм қазақ жанкүйерлерін біраз қобалжытты. Есепті бірінші болып финдер ашты. Алайда Каканың шәкірттері үзіліске дейін есепті теңестіріп үлгерді. Екінші таймда да Финляндия ойыншылары шапшаңдық танытты. Қазақстан қақпасына тағы 1 гол салды. Дегенмен спортшыларымыз абдырап қалмай, қатарынан 5 гол соғып, финдерді шаң қаптырды. Ал, қақпашы Игитаның голы Еуро-2022 біріншілігіндегі 2-кезеңнің «үздік голы» атанды.
Еске салайық, 1-турда біздің ойыншылар Словениямен тең түскен. Осылайша Қазақстан 4 ұпаймен Б тобында 1-орынға шықты. Енді, ойынның әсерлі тұстарын назарларыңызға ұсынамыз. Жеңісті сәтті тағы бір рет еске түсіріп өтейік.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12