Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметінен босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметінен босатылды

25.01.2022

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметінен босатылды. Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымында атқарған көп жылғы жемісті еңбегі үшін оған алғыс білдірді. Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып 2016 жылдан бері қызмет атқарып келді.

Оның тұсында Парламент және Президент сайлауы өтті.  


Хабарламаларға жазылу