Қостанай облысында героин мен гашиштің ірі партиясы ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында героин мен гашиштің ірі партиясы ұсталды

24.01.2022

Кәсіпкерден жарты келіден аса героин тәркіленді. Қостанай облысында өткен арнайы операция барысында есірткі заты үйдегі ескі тоңазытқыштан табылған. Жедел-іздестіру шарасы кезінде бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған азаматтың пәтерінен 22 гр героин шықты. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына жабылды. Кінәсі дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ал, есірткі тасымалы бойынша полицейлердің күдігіне ілінген Жамбыл облысының тұрғыны Қарағандыда қолға түсті. Оның сөмкесінен 40 келі гашиш шыққан. Осындай операциялардың нәтижесінде түрлі дозадағы 3 000 ауыр наша қоғамға тарап үлгермеді.      

 


Хабарламаларға жазылу