Ірі көлемдегі есірткінің жолы кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ірі көлемдегі есірткінің жолы кесілді

03.02.2014
Ірі көлемдегі есірткінің жолы кесілді

Қазақ-қырғыз шекарасында ірі көлемде есірткі алып өтпекші болған 21 жастағы қырғыз азаматы ұсталды. Шекара бекетінде оны тінту кезінде 15 келі героин табылды. Оны Ресейге алып өтпекші болған.
 
 Есірткі өнімдері арнайы қапшықтарға салынып, сыртынан «үш жеті» деген таңба соғылған. Бұл Ауғанстанның ең жоғары сапалы героині екенін білдіреді.Есірткінің қара базардағы бағасы да қомақты. Шамамен 225 мың АҚШ доллары тұрады. Оны діттеген жерге жеткізіп берсе 400 мың доллар пайда табады екен.
 
 Қазір ұсталған азамат Жамбыл облысында қамауда отыр. Егер кінәсі дәлелденсе 25 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  Ал оны қолға түсіруге қырғыз елінің құқық қорғаушылары әріптестік танытыпты.
 
Жанат Битенов, ҚР ІІМ Есірткіге қарсы күрес комитетінің төрағасы:
Қырғыз елінің ІІД бірге жұмыс істедік. Ақпарат солардан келді. Бізге хабарлады, біз қарсы алып, қолға түсірдік.   
 
 
 
Ғабит ҰЗАҚБАЙ
 

Хабарламаларға жазылу