Алматыда 1 тонна героин жойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 1 тонна героин жойылды

13.01.2021
Алматыда 1 тонна героин жойылды

Алматыда 1 тонна героин жойылды. Есірткі халықаралық арнайы операция кезінде тәркіленді, деп хабарлайды Қаржы мониторингі комитеті.

«Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері арнайы комиссияның қатысуымен жалпы салмағы 1,1 тоннадан асатын героиннің аса ірі партиясын жойды. Есірткіні комитет қызметкерлері Германияның қылмыстық кеден полициясымен бірлесіп, сондай-ақ Ресей, Беларусь, Литва, Польша және Нидерланд құқық қорғау және кеден қызметтерінің көмегімен өткізген халықаралық арнайы операция нәтижесінде тәркіледі.

2019 жылдың қазан айында Қазақстан аумағына «өңделген мәрмәр» деген атаумен жүк келді. Нидерландқа жөнелтілген тауарды тексеру кезінде тергеушілер героин бар 2208 брикетті анықтады. Ұйымдасқан қылмыстық топ есірткі транзитін Ираннан Еуропалық Одақ елдеріне өткізуді жоспарлаған. Аталаған есірткінің бір бөлігі, Қаржы мониторинг қызметкерлерінің бақылауымен Германияға жеткізілді, мұнда тауарды алу кезінде, Түркия елінің азаматтары ұсталды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған іс бойынша ҚР ҚК-нің 286-б. 4-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Хабарламаларға жазылу