Камерунда түнгі клубтағы өрттен 17 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Камерунда түнгі клубтағы өрттен 17 адам қаза тапты

24.01.2022

Камерун астанасы Яундеде түнгі клубта болған өрттен 17 адам қаза тапты. Бірнеше адам жараланып, аурухананың шұғыл жәрдем беру бөліміне түскен. Марқұм болғандардың арасында елдің Денсаулық сақтау министрлігінің бөлім басшысы бар. Мұны «Cameroon Tribune» (Камерун Трибун) басылымы хабарлады.

Алдын ала мәліметтерге сай, өрт клуб ішінде атылған отшашулардан тұтанса керек. Полиция болған оқиғаға қатысты тергеуді бастап кетті.   

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу