Үндістанда қонақ үйдегі өрттен 17 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда қонақ үйдегі өрттен 17 адам қаза тапты

12.02.2019

Үндістан астанасы Нью-Делидегі қонақ үйден өрт шығып, 17 адам қаза тапты. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, өрт тұтанған кезде меймандардың көбі шырт ұйқыда жатқан екен. Болжам бойынша электр сымынан ұшқындаған оттың соңы жалынға ұласыпты. Ал, ғимараттың дәліздері ағаш материалдан жасалғандықтан, бірден жанып кеткен. Сондықтан, адамдар дәліз арқылы шыға алмай, оларды терезеден құтқаруға тура келді. Қаза тапқандар арасында бесінші қабаттан секіріп кеткен әйел мен бала бар.

Бүгінде Дели тұрғындарының саны 18 миллионнан асып кеткен. Соған байланысты өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілерін азайту қиынға соғып отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу