Пәкістанның Кветта қаласындағы базарда жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанның Кветта қаласындағы базарда жарылыс болды

12.04.2019

Қапшықтарға салынған түймедақ арасына жасырылған бомба іске қосылған. Одан 16 адам қаза тауып, 30-ы жараланды. Құрбандардың тең жартысы - этникалық хазарлар. Пәкістанда оларға қарсы тәліптер, «ДАИШ» және өзге де сүнниттік қарулы топтар жиі қастандық жасайды. Әзірге жарылысты кімдер ұйымдастырғаны белгісіз. Шабуылды ешқандай топ өз мойнына алған жоқ.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу