Мұхтар Тілеуберді Еуропалық Одақ, Бельгия басшыларымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұхтар Тілеуберді Еуропалық Одақ, Бельгия басшыларымен кездесті

19.01.2022

Қазақстан мен Еуроодақ өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі. Премьер-министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Брюссельге сапары кезінде Одақ басшыларымен келіссөздер жүргізді. Еуропалық серіктестерін елдегі саяси ахуал мен лаңкестерге қарсы операция жайлы хабардар етті. Тәуелсіздік жылдары қол жеткен демократиялық даму үдерісінің сәтті жалғасатынын жеткізді. Одақтың адам құқығы жөніндегі арнайы өкілі Гилмормен кездесуде тараптар заңның үстемдік етуі мәселелерінде сыңдарлы диалог маңызды екенін атап өтті. Бельгия басшылығы мен Еуроодақ өкілдері Қазақстандағы соңғы реформаларға қолдау білдірді. 

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі: 

Әріптестеріміз бізде болған жағдайға байланысты қандай өзгерістер болып қалуы мүмкін, инвестициялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін көтерген болатын. Әрине, біз үшін ең маңыздысы – қазір Президентіміз жариялаған 5-реформалық пакетін олар іске асыруға мүдделі екендерін танытты.

Мұхтар Тілеуберді Брюссельге сапары барысында Еуропалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне баспасөз мәслихатын өткізді. Қазақстандағы соңғы ахуалға, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа реформаларына қатысты шетелдік журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ, Премьер-министрдің орынбасары Еуропалық Одақ Кеңесіне төрағалық етуші Францияның Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар «Еуропалық Одақ – Қазақстан» іскерлік кеңесінің кезекті отырысын сәуір айында өткізуге уағдаласты.   

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу