Премьер-Министр Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары басшыларымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары басшыларымен кездесті

01.10.2019

Премьер-Министр Асқар Мамин Қазақстанда тіркелген Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кездесті. Тараптар инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жайын талқылады. Әрине әуелі осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстар тізбегі пысықталды. Мәселен, сауда-экономикалық салада ешқандай өзекті проблема жоқ екені айтылды. Қазіргі уақытта отандық өнімдерді Еуропалық одақ нарығына экспорттауды ілгерілету мәселесіне айрықша мән берілуде. Сауда-саттық көлемі жыл өткен сайын артып жатыр. Тек биылдың өзінде Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы тауарлар мен қызметтердің екіжақты айналымы шамамен 20 миллиард долларға жеткен. Өз кезегінде Премьер-Министр тікелей шетелдік инвестициялар мен сауда-саттық көлемінің өсуін қамтамасыз ету Қазақстан Үкіметі үшін басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу