Әлемде мұнай бағасы 89 доллардан асты
Әлемде мұнай бағасы төртінші күн қатарынан өсім көрсетті. Brent маркасының бір баррелі 89 долларға сатылып жатыр. Бұл - 2014 жылдың қазан айынан бергі ең жоғары көрсеткіш. «Омикрон» штамы кең таралып жатқанына қарамастан өнімге сұраныс азайған жоқ. Яғни, энергетикалық шикізаттың қымбаттауына алдымен осы жағдай себеп болған. Мұнан бөлек, Ресей мен Таяу Шығыстағы геосаяси қысымдар, Киркук-Джейхан мұнай құбырында күні кеше болған жарылыс та бағаның артуына ықпал етсе керек. Сарапшылардың пікірінше, осы жылдың соңына қарай мұнай бағасы 100 долларға жетуі де әбден мүмкін.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13