Ұлыбританияда жарық пен газ қымбаттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда жарық пен газ қымбаттайды

19.01.2022

Ұлыбританияда тұрғындар табысының тең жартысын жарық пен газға жұмсауы мүмкін. Себебі, баға қымбаттайды. Елде 1-сәуірден бастап, электр энергиясының шекті құны белгіленді.

Марина Бекенова, тілші:

Елде электр энергиясының құны 50 пайызға дейін қымбаттамақ. Осылайша, тұтынушылардың жарыққа төлейтін жылдық шығыны 2 мың фунт, яғни шамамен 1 миллион 200 мың теңге болмақ. Түптеп келгенде, кедей топқа жататын 6 жарым миллионға жуық британиялықтың электр энергиясы үшін ақы төлей алмайтын түрі бар.

Рейчел Ривз, Ұлыбритания Көлеңкелі үкімет министрі:

Билік басындағы үкімет ядролық немесе қайта қалпына келетін энергия көздеріне инвестиция құя алмады. Олар газды сақтау ісінде де сәтсіздікке ұшырады. Көгілдір отын тасымалында Ресей мен Катарға тәуелді етіп қойды. Нарықты реттей алмағандықтан 27 энергетикалық компания банкротқа ұшырады.

Сарапшылардың пікірінше, қымбатшылықтан тек кедей отбасылар ғана емес, орта табысты адамдар да зардап шегеді. Нәтижесінде елдегі инфляция деңгейі де шарықтап, қымбатшылық қалтаны қағады. Үкіметтегілер аз қамтылғандардың шығындарын түрлі жәрдемақымен өтеуге және энергетикалық компаниялармен бағаны тұрақтандыру бойынша келіссөздер жүргізуге уәде беріп жатыр.

Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу