Шілдеден бастап жарық пен жылу қымбаттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шілдеден бастап жарық пен жылу қымбаттайды

26.04.2023

Шілдеден бастап елімізде коммуналдық қызметтер қымбаттайды. Ұлттық экономика министрінің айтуынша жарық пен жылу тарифін көтеру жоспарланған. Баға әр өңірде әртүрлі 10-30 пайыз аралығында қымбаттайды деді Әлібек Қуантыров. Министр бағаның көтерілуіне жылу мен электр желілерінің әбден ескіруі және осы салада қызмет ететін жұмысшылардың төмен айлық алуы себеп дейді. Яғни тарифті көтеру арқылы 85 пайызға тозған желілерді жаңғыртып, жұмысшылардың жалақысын көтеру көзделген.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу