Президент Shell компаниясының басшылығымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Shell компаниясының басшылығымен кездесті

09.11.2022

Мемлекет басшысы Shell компаниясының бас атқарушы директоры Бен ван Берденмен және Газ, энергетика салаларындағы кешенді шешімдер бөлімшесінің директоры УаЭль Сауанмен кездесті. Мұнай-газ және энергетика секторларындағы ынтымақты дамыту – әңгіме өзегі болды. Қарашығанақ және Қашаған кен орындарын одан әрі игеру мәселесі талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев жақында қызметінен босайтын Бен ван Берденге Қазақстанның мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, аталған компанияның басшылығына келетін Сауанға табыс тіледі. Кездесу соңында Президент мұнай-газ өнеркәсібін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Бен ван Берденді ІІ-дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу