Алматыда сауда орталықтарын жалдау ақысы арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда сауда орталықтарын жалдау ақысы арзандады

17.09.2020

Алматының ірі сауда орталықтарында жалдау ақысы арзандады. Бұл туралы қала әкімі айтты. Төтенше жағдай мен карантин кезінде 153 ойын-сауық орталығы, сауда орталықтары мен базарлардың иелері 40 мыңға жуық жалға алушыдан жалдау ақысын алмаған. Олардың көпшілігі қазір жалға беру құнын 20-30 процентке арзандатқан. Қалалық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының көмегімен 2,7 миллиард теңгеге 13 мыңға жуық жалға алушының мәселесі шешілген. Сонымен қатар, шаһар басшысы шағын және орта бизнес өкілдерінің несиесін шегеру шаралары қабылданып жатқандығын айтты.

Бақытжан Сағынтаев, қала әкімі:

- Бүгінгі күні 127,3 миллиард теңге көлемінде несие төлемі шегерілді. Сонымен қатар бизнесті қолдау және дамыту жөніндегі бағдарламалар аясында сыйақы мөлшері де төмендетілді. Мәселен, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлер үшін мөлшерлеме 8,4 пайыздан 6 пайызға дейін азайды.

Хабарламаларға жазылу