Испанялық компаниялар EXPO-2017 көрмесіне қызығушылық танытуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанялық компаниялар EXPO-2017 көрмесіне қызығушылық танытуда

08.06.2015
Испанялық компаниялар EXPO-2017 көрмесіне қызығушылық танытуда

Біздің еліміздегі дипломатиялық миссиясын аяқтаған Мануэь Парада соңғы екі жылда мемлекеттер арасындағы сауда айналымының ерекше өскенін атап өтті.

Биыл екі ел арасындағы алыс-беріс 309 миллион долларды құраған. Қазақстан экономикасына инвестиция салуға ниетті испандық кәсіпкерлер қатары да артқан.

Ал, Испания еліне сапарлап барушы қазақстандықтар саны жыл соңына дейін 20 мыңға жетіп жығылмақ. Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Испания өкіліне екіжақты байланысты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

 

Нүргүл САҒИТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу