Алматы облысында 102 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

14.01.2022

Алматы облысында антитеррористік операция әлі жалғасып жатыр. Облыс коменданты Серік Күдебаевтың мәліметінше, өңірдегі жағдай тұрақты. Дегенмен күштік құрылымдар күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Облыс бойынша 82 блокбекет қойылды. 20 бекет Талдықорған қаласында. Коменданттық сағат әлі алынбады. Бүлікшілер мен қарақшылықпен айналысқандарды анықтау ісі қызу жүріп жатыр. Өңірде төтенше жағдай режимін бұзған азаматтардың үстінен 102 қылмыстық іс қозғалды. 90 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серік Күдебаев, Алматы облыстық ПД бастығы: 
Қылмыскерлерден 100-ге жуық әртүрлі қару-жарақ алынды. Сонымен қатар мародорлік кезінде жымқырылған 53 ұялы телефон, 4 телевизор, 7 тігін машинасы, басқа да техника мен спирттік ішімдіктер тәркіленді. Менің сіздерден тағы да сұрарым, егер сіздерге тәртіпсіздік пен мародерлікке қатысқан адамдар жайлы мәліметтер белгілі болса, ақпаратты Алматы облысының полиция департаментіне жіберулеріңізді сұраймын.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу