Алматы облысында 102 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды
Алматы облысында антитеррористік операция әлі жалғасып жатыр. Облыс коменданты Серік Күдебаевтың мәліметінше, өңірдегі жағдай тұрақты. Дегенмен күштік құрылымдар күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Облыс бойынша 82 блокбекет қойылды. 20 бекет Талдықорған қаласында. Коменданттық сағат әлі алынбады. Бүлікшілер мен қарақшылықпен айналысқандарды анықтау ісі қызу жүріп жатыр. Өңірде төтенше жағдай режимін бұзған азаматтардың үстінен 102 қылмыстық іс қозғалды. 90 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Серік Күдебаев, Алматы облыстық ПД бастығы:Қылмыскерлерден 100-ге жуық әртүрлі қару-жарақ алынды. Сонымен қатар мародорлік кезінде жымқырылған 53 ұялы телефон, 4 телевизор, 7 тігін машинасы, басқа да техника мен спирттік ішімдіктер тәркіленді. Менің сіздерден тағы да сұрарым, егер сіздерге тәртіпсіздік пен мародерлікке қатысқан адамдар жайлы мәліметтер белгілі болса, ақпаратты Алматы облысының полиция департаментіне жіберулеріңізді сұраймын.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01