«Бала би» байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бала би» байқауы өтті

15.04.2014
«Бала би» байқауы өтті
«Бала би». Осындай атаумен Астанада алғаш рет байқау ұйымдастырылды. Оған қаланың 16 білім ошағынан оқушылар қатысып, бақ сынасты. Екі күнге созылған сайыс 4 кезеңнен тұрды.
 
Олар «Қоржын», «Ұлылар сөзі», «Жыраулар жырлайды» және «Таразы». Мақсат - оқушылардың бойына халық даналығы мен салт-дәстүрімізді, сондай-ақ, шешендік өнерді сіңіру.
 
Ал, жеңімпаздарды анықтау барысында қазылар алқасы жас өнерпаздардың суырыпсалма ақындығы мен тапқырлығына ерекше көңіл бөлді.
 
Шұғыла Құдайбергенова, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының атқарушы хатшысы:
Өскелең ұрпақ бойында бұрынғы ата дәстүрімізді, салтымызды қайта жаңғырту мақсатында өткізіп отырмыз.
 
Аяулым Қуанышова, байқауға қатысушы:
Ақтық сынға жолдама алдым. Жеңемін деген үміттемін.
 
Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу