Алматыда әжелер байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда әжелер байқауы өтті

23.05.2023

Алматыда ерекше сайыс әжелер байқауы өтті.

Алғаш рет ұйымдастырылған сайысқа 61 жастан асқан ақ жаулықты әжелер қатысты. Өнерлі қариялар ән айтып, көркем сөз оқып, мың бұрала би биледі. Кимешек киген сайысқа өзге ұлт өкілдері де қызығушылық танытып бақ сынады. Шараның мақсаты – жастарға ұлағатты тәрбие беру, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысатын қарт кісілерді үлгі ету. Байқау талаптарына сәйкес әжелер балаларымен, немерелерімен бейнеролик түсіріп, отбасылық дәстүрлерін паш етті. Өз қолымен дәмді тағам әзірлеп, аспаздық шеберліктерін танытты. Сондай-ақ кешкі көйлектерін киіп, сән үлгісін де көрсетті. Бағын сынаған әженің ең үлкені - 81 жаста. Дегенмен сайыстың аты сайыс болғандықтан 62 жастағы Гүлнәр әжей топ жарды.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу