Астанада бал билерін орындаушылардың дүниежүзілік фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада бал билерін орындаушылардың дүниежүзілік фестивалі өтті

13.06.2016
Астанада бал билерін орындаушылардың дүниежүзілік фестивалі өтті

Астанадағы Оқушылар сарайында бал билерін орындаушылардың дүниежүзілік «Silk Way» фестивалі өтті.

Би алаңында Қазақстаннан өзге Израиль, Ресей, Корея  және т.б елдерден келген жас бишілер өз шеберліктерін көрсетті.

Бұл байқау Қазақстанда осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр.

«Классикалық би», «Эстрадалық би», «Шоу билері» және өзге де аталымдар бойынша өткізілген фестивальге жалпы саны 600-ден астам бала қатысты.   

 

Гауһар ТӨЛЕКОВА

Хабарламаларға жазылу