Жамбыл облысы: Тәртіпсіздік кезінде қаза болған әскери қызметкердің отбасына мемлекеттік марапат табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысы: Тәртіпсіздік кезінде қаза болған әскери қызметкердің отбасына мемлекеттік марапат табысталды

14.01.2022

Елдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза болған әскери қызметкерлердің арасында екі жамбылдық бар. Оның бірі – Ұлттық қауіпсіздік қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің бөлім бастығы Дастан Әділбайұлы.

Президенттің Жарлығымен II дәрежелі «Айбын» орденін аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев Дастанның ата-анасына табыстап, Отанын шексіз сүйетін, нағыз патриот ұл тәрбиелеген жандарға алғыс айтты.

Ұлттың қауіпсіздігі үшін ұмытылмас ерлік жасаған қаһарман ұл небәрі 39 жаста болатын. Озбырлардың қолынан опат болған Қауіпсіздік комитеті подполковнигінің жанқиярлығы көпке үлгі. Дастан Әділбайұлының ерлігі тасқа таңбаланып, өзі қызмет еткен Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің алдына қойылмақ.

Әділбай Шатырбаев, қаһарманның әкесі:

Еңбегін ескеріп, ерлігін осылай марапаттап жатқандарыңызға біз ризамыз. Президенттен бастап, облыс әкімі мен әріптестеріне көп рахмет! Аман болыңыздар, өздеріңізді сақтаңыздар.


Хабарламаларға жазылу