Елімізде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы жанданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы жанданды

11.05.2020

Елімізде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы жандана бастады. Бірақ барлық қалада бірдей емес.

Мәселен, Қарағанды, Қостанай, Ақтау және Оралдағы орталықтар барлығына қызмет көрсетіп жатса, Нұр-Сұлтан, Атырау қалалары мен Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы орталықтардың есігі тек заңды тұлғалар үшін ашық. Оның үстіне қызметті алу үшін 1414 нөміріне хабарласып, алдын ала жазылу керек. Айта кетерлігі, орталықта жеке куәлік, паспорт алу секілді онлайн рәсімдеуге болмайтын қағаз жүзіндегі қызметтер ғана көрсетіледі.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу