Мемлекет басшысы шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді

11.01.2022

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бейнебайланыс режимінде шұғыл әрекет ету штабының кезекті отырысы өтті. Жиын барысында төтенше жағдай режимін бұзған 2161 адамның әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны туралы айтылды. Лаңкестікке қарсы іс-қимылдар басталған күннен бастап елімізде 412 қылмыстық іс, соның ішінде террорлық актілер мен кісі өлтіру бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Ал, кісі өлтіру, билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық, бұзақылық, мемлекеттік органдардың ғимараттарына шабуыл жасау фактілері бойынша барлығы 388 қылмыстық іс қозғалды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметіне қарағанда еліміздегі жағдай тұрақталып келеді. Аса қауіпті деструктивті іс-қимыл тіркелген жоқ. «Киберщит» жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жиын соңында Президент қоғамдық тәртіп пен елдегі қауіпсіздікті қалпына келтіруді қарқынды жалғастыруды тапсырды.


Хабарламаларға жазылу