Қазақстанда утильсбор мәселесі қайта қаралмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда утильсбор мәселесі қайта қаралмақ

11.01.2022

Қазақстанда утильсбор мәселесі қайта қаралмақ. Президент Үкіметке РОП операторының утиль алымына иелік етуін тоқтатып, бұл қызметпен мемлекеттік ұйым айналысуын сондай-ақ ставкаларды қайта қарауды тапсырды. Сонымен қатар, бұл мәселені бизнес және қоғаммен конструктивті түрде талқылау керегін айтты. Яғни, енді автомобиль бағасы тұрақталуы мүмкін. Мемлекет басшысы халыққа отандық зауыттарда шыққан көліктер ұсынылуы тиіс екенін жеткізді. Оның өндірісінде өзіміздің елде шығарылатын материалдарды пайдалану қажет екенін ескертті. Мәселен, бір жылда Қазақстан 4 миллиард теңгеге жуық қаржыны аллюминий секілді материалдардың импортына жұмсайды екен. «Бұндай келеңсіздіктің алдын алу керек» - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Кәсіпкерлер мен жалпы қоғамда «Оператор РОП» компаниясының қызметі көптеген сұрақ туындатып отыр. Тіпті осы жеке компанияға қарсы қоғамдық қозғалыс та ұйымдастырылды. Мен Үкіметке «Оператор РОП» утильдік алым жинауына тыйым салуын тапсырамын. Мұнымен шет мемлекеттердегідей мемлекеттік ұйым айналысуы керек. Кәдеге жарату алымы есебінен отандық автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алушыларға ваучерлер беру мәселесін қарау қажет. Оның құралдарын пайдаланудың басқа да қоғамдық пайдалы тәсілдерін әзірлеу керек.


Хабарламаларға жазылу