Алматының Зерделі ықшамауданында 6 көпқабатты үй қисайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматының Зерделі ықшамауданында 6 көпқабатты үй қисайды

25.08.2020

Алматының Зерделі, яғни бұрынғы Алғабас ықшамауданында тағы 6 көпқабатты үй қисайды. Бұған дейін де тұрғын үйлерден ақау табылған соң, әкімдік сол маңдағы барлық ғимаратты тексеруге шешім қабылдаған. Жұмыстар әлі де жалғасып жатыр.

Тексеру аяқталған алты үйге қатысты сараптама қортындысына сай, іргетасын нығайту жұмыстары қажет деген шешім қабылданды. Десе де тұрғындар бірінен соң бірі қисайып жатқан үйлердің жайына алаңдаулы.

Майра Қадырқызы, қала тұрғыны:

- 8874 үйдің ішіндегі терезелер дұрыс жабылмайды. Есіктер өзінен өзі ашылып кетеді. 

Мұнда негізінен көпбалалы отбасылар, мүгедектер мен Ауған соғысының ардагерлері тұрады. Жауапты мамандар қисайған үйлердің іргетасына жөндеу жүргізіледі деп сендірді. 

Сапар Нұрашев, Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы:

- Жылдың аяғына дейін қалған 17 үй зерттеліп, қортындылары беріледі. Сол қортындыларға байланысты керекті іс-шаралар атқарылады.

Қуан Нұрақын, тілші:

- Еске салсақ, бұл Зерделідегі құрылысынан ақау табылған алғашқы үй емес. Бұған дейін үш көпқабатты тұрғын үй қисайып кеткен болатын. Қазір олардың біреуі толық жөндеуден өтсе, қалған екеуіне беріктеу жұмыстары жүріп жатыр

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу