13 шілде Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

13 шілде Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды

08.07.2020
13 шілде Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды

13 шілде Ұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Бұл туралы республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеу жасаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Коронавирустың таралуы бәсеңдемей отыр. Әлем бойынша бұл дертке шалдыққандар саны 12 миллионға жетті. 500 мыңнан астам адам қайтыс болды. Мұндай жағдай біздің елімізде де тіркелуде. Әр азаматтың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Қара жамылған отбасыларға көңіл айтамын. Бұл баршамызға ортақ қайғы. 13 шілдені пандемиядан қаза тапқандардың рухына Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын», - деді Мемлекет басшысы.


Хабарламаларға жазылу