Ақын Жұматай Жақыпбаевты еске алу кеші өтті
Қазақ өлеңінің төрінде ерекше орны бар Жұматай Жақыпбаев парасатты поэзиясымен талай жүректерді жібітті. Әсіресе, нәзік те сырбаз сезімге толы сыршыл махаббат тақырыбындағы жырларын жастар сүйсіне оқиды.
Әсем нақышпен өрнектелген канық бояулы «Саратан», «Ләйлә» жыр жинақтарында туған жердің көркем табиғатын, махаббатты, сұлулықты тебірене жырлаған. Ақынның дүние салғанына биыл - 23 жыл. Дегенмен, 45 жасында өмірден озған ақын бейнесі алыстаған сайын тұлғасы биіктей береді.
Заида Елғондинова, Жұматай Жақыпбаевтың жары, ақын:
Шығыстың 49 ақыны Ләйлі-Мәжнүнді жырласа, ол Ләйләні жалғыз өзі жырлап, қазақ поэзиясына өшпес мұрасын қалдырып кетті. Осындай Шығыс-Батыс поэзиясын бойына сіңірген Жұматайдың тойы жалғаса береді деп ойлаймын. Себебі, алда 70 жылдығы келе жатыр.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06
Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
09.05.2026, 12:00
Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды
09.05.2026, 11:35
«Жақанов әлемі: фотошежіре» фотокөрмесі ашылды
09.05.2026, 11:30
Ауылда жауынгерлік Даңқ музейі ашылды
08.05.2026, 20:29
Ардагерлерге жыл бойы әлеуметтік көмек көрсетіледі
08.05.2026, 20:28
Өзен жағалауын тазартып жүрген азамат ел алғысына бөленді
08.05.2026, 20:26