Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы дәріханалардың үздіксіз жұмысын ұйымдастыруды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы дәріханалардың үздіксіз жұмысын ұйымдастыруды тапсырды

08.01.2022

Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполисте болған қақтығыс пен экстремистік шабуылдардан кейін қаланың тыныс-тіршілігін қалыпқа келтіру мәселесі бойынша кеңес өткізді. Онда жүргізілген жұмыстар және террористік топтардан келтірілген залал туралы басшылардың есептері тыңдалды.

Бүлік кезінде зардап шеккен аумақтарды ретке келтірумен қатар қауіпсіздік талаптары және төтенше жағдай режимін қатаң сақтау тапсырылды.

Сонымен қатар, қала әкімі азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесін, әсіресе үй маңындағы дүкендерді ерекше бақылауға алу, қалалық дәріханалардың үздіксіз жұмысын ұйымдастыруды тапсырды.


Хабарламаларға жазылу