Бақытжан Сағынтаев Алматыда инновациялық технологиялар паркінде болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақытжан Сағынтаев Алматыда инновациялық технологиялар паркінде болды

08.02.2017
Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы цифрлық технологияны дамытуға кіріскен инноваторлармен кездесіп, Жолдаудан туындайтын экономикалық өсімнің жаңа моделін құру тапсырмасының орындалуын тексерді. Себебі, Үшінші жаңғыруға сай, экономиканы жаппай сандық жүйеге көшіруге басымдық берілген.

Қазір осы бағытта алып шаһардың арнайы экономикалық аймағындағы «Алатау» технопаркінде іргелі істер қолға алынды. Сағынтаев технопарктің инновациялық әлеуетін бағамдау үшін бірқатар өндіріс орнын аралап, тыныс-тіршілігімен танысты.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу