Ақтөбеде бірде-бір кәсіпкерлік нысанға зақым келген жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде бірде-бір кәсіпкерлік нысанға зақым келген жоқ

08.01.2022

Ақтөбе облысында бұзақылық ұйымдастырған 11 адам ұсталды. Облыс орталығында бірде-бір кәсіпкерлік нысанға зақым келген жоқ. Коммуналдық мекемелер қалыпты жұмыс істеп тұр.

Жақсыбек Кемал, тілші:

Қазір Ақтөбеде жағдай қалыпты. Қоғамдық көліктер жүріп жатыр. Әуежай мен вокзал қызметі толықтай кайта жанданды. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, өңірдегі мұнай-газ саласындағы бірнеше компания жұмысшыларының талабы ескеріліп, айлықтарын 10-50 пайызға көтеру көзделіп отыр. Сондай-ақ облыстағы 200-дан аса газ құю бекеті сұйытылған газдың әр литрін 50 тенгеден асырмауға келісті.

Ермек Кенжеханов, облыс әкімінің орынбасары:

Энергетика министрлігімен келіссөз жасап жатырмыз. Өйткені қаңтар айының жоспары бойынша барлығы сатып алынып, ақшасы төленіп қойылған. Сондықтан зауыт барлық баға айырмашылығын өтейтін болады. Коммисиясын есептейді. Немесе қалғанын ақпан айына жібереді. Барлық жанармай құю бекеті ашық, жұмыс істеп тұр.

Жақсыбек Кемал, тілші:

Аудан орталықтары мен Ақтөбедегі кіреберіс жолдарға блокбекеттер қойылды.


Хабарламаларға жазылу