Дағдарыстан шығынсыз шыққан бірде бір ел жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дағдарыстан шығынсыз шыққан бірде бір ел жоқ

27.08.2015
Дағдарыстан шығынсыз шыққан бірде бір ел жоқ

Дағдарыстан шығынсыз шыққан бірде бір ел жоқ. Мұнай бағасымен қатар, металл құнының құлдырауы әлемді есеңгіретті. Осылайша, 2011 жылы басталған баға құлдырауы алдағы бес жылда да жалғасуы мүмкін деген болжам бар.

Еуразиялық институттың зерттеуі бойынша соңғы бес жылда мыс 45,6 пайызға құнсызданыпты. Бұл дегеніңіз, 6300 доллар тұратын металл 5100-ге дейін түскен. «Морган Стэнли» сарапшылары мырыштың 67 долларға арзандағанын айтады.

Аллюминий 192 долларға кемісе, алтын 44 долларға арзандапты. Ал, «қара алтын» құны бір жылдың ішінде 115,1 доллардан 48,5-ке түсті. 66,6 пайызға яғни, 2,4 есеге арзандаған.

Қазір мұнай сұранысынан ұсыныс артып, күніне 3 миллион баррель «қара алтын» құр қалады. Мұны сарапшылар 17 жыл ішінде болмаған тарихи максимум, деп отыр.

Әлия ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу