Өткен түнде Көкшетауда коменданттық сағат талаптарын бұзған 140 тұрғын анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен түнде Көкшетауда коменданттық сағат талаптарын бұзған 140 тұрғын анықталды

08.01.2022

Өткен түнде Көкшетауда коменданттық сағат талаптарын бұзған 140 тұрғын анықталды. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 10 адам қамауға алынды. Ал коменданттық сағаттың алғашқы күні тәртіп сақшылары негізінен түсіндірумен шектелген. Бірақ, бір түнде ескертуді елемей, бірнеше рет тәртіп бұзған 5 адам тіркелді. Тәртіп бұзғандарға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Режимнің сақталуын полиция қызметкерлері қамтамасыз етуде.

Жанатбек Есімов, Көкшетау қалалық полиция басқармасының бастығы:

Коменданттық сағатты бізде іске асыру үшін бүгінгі таңда 60 қызметкер, 18 автопатруль, жаңағы 220 біздің өз азаматтарымыз жұмылдырылған. Сол 220 азаматтардың ішінде, жаңағы, ауған соғысына қатысқан азаматтар, біздің спортсмендер, қаланың тұрғындары өздері келіп көмектесеміз деген.

Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу